Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 қаңтар күні өткен Мәдениет, архив және баспа ісі салаларына арналған кеңейтілген Алқа отырысына Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай қатысты.
Алқа отырысы барысында мекеме басшысы М.Тулебай «Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қазіргі жағдайы мен даму жоспарының негізгі басымдықтары» тақырыбындағы баяндамасын оқып, қазіргі таңда архив ісі саласында нәтижеге қол жеткен қарқынды істер мен болашақта жүзеге асырылатын бірқатар жобалар туралы айтылып, архивке қатысты өзекті мәселелер талқыланды.