Жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік.Тарих.Қоғам» атты құжаттық көрмесі

24.11.2022

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде 2022 жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қүніне орай «Тәуелсіздік.Тарих.Қоғам» тақырыбында аса құнды құжаттық көрме ұйымдастырылды.

Көрменің басты мақсаты: Ата –бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Мәңгілік елдің жалынды жастарына Тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсінідіріп, аңсаған азаттықтың тұғырын нығайтуды насихаттау мақсатында сақталған қор құжаттарын көпшілікке таныстыру, көрермен назарына ұсыну, өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, Отан тарихына қызығушылығын  ояту, арттыру.

Көрмеде Ақтөбе облысының Тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік дамуы мен жетістіктері бойынша құжаттар қойылды және  көрме бір ай уақытқа дейін жасайды.

Көрмемен оқу залына зерттеу қызметімен келген тарихшылар, өлкетанушылар, ғылыми-қызметкерлермен, архив қызметкерлері танысты.