2022 жылдың 27 қазан күні, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Экономика және құқық» факультетінің 3 курс студенттері тәжірибелік сабақ алу мақсатында архив ісі бойынша маңызды мәліметтермен танысты.
Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы А.М.Бабасова мемлекеттік архивті құжаттармен толықтыру тәртібі туралы түсіндіріп өтсе, Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ш.К.Мухтарова сақтаудағы құжаттардың сандық форматқа көшіру жұмыстары жөнінде және қоймада сақталуын қамтамасыз ету тәртібі туралы архив ісіне қатысты маңызды мағлұматтар берді.
Сонымен қатар, ғылыми қызметкер Д.Д.Сарбаев студенттерді құнды құжаттардан жасақталған көрме деректерімен таныстырып, құжаттар сақталған қоймаға экскурсия жасады.