Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйектегі «Әділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі Қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау

13.10.2022

 

 

 

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде 2022 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйектегі «Әділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі Қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша жиын өтті. Осы жиынға «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ АОФ  төрағасы Н.С.Табылдинова, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Т.Тулебай және архив мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар жолдауды тылқылау барысында Президенттің жолдауда ұсынған барлық реформалары – бұл елдің жаңа жағдайда дамуына тың серпін беретін уақытылы шаралар деп айтып өтті. Еліміздің экономикасын тұрақты дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыру бойынша пікір алмасты.

Қазақстанның болашағын айқындап, ұлт мүддесі үшін бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел болатынымыз туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы ақпараттармен танысты.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына байланысты өз ой-пікірлерін білдіріп, саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларын толықтай қолдайтындықтарын және оның жүзеге асырылуына өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.