Жаңалықтар

2021 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасының…

18.11.2021

2021 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Президенті архиві және Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен IV республикалық жас архивистер байқауы өтті. Ақтөбе облысынан “Аманат” құрама командасы қатысып, облыстық архив қызметкерлері кәсіби біліктілігі мен шығармашылық сайыстарда әріптестерімен жарысқа түсті. Ақтөбе облысының және аудандық архив қызметкерлері Ж.Ажигалиева, М.Сатбекова, Ә.Жанбирова, А.Нұрбатырова, А.Елубай, М.Мирамбек сайыстардан жоғарғы деңгейдегі дайындықтарын және архив ісі бойынша білім деңгейлерін көрсетіп, Алғыс хатпен марапатталды.