Новости

Для студентов факультета истории и географии был проведён познавательный час на темы «Алашская интеллигенция в истории нации» и «160-летие со дня рождения лидера движения Алаш, публициста и государственного деятеля Алихана Букейханова».

26.05.2026

2026 жылдың 26 мамыр күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Тарих және география» факультетінің студенттеріне «Ұлт тарихындағы – алаш зиялылары» және «Алаш қозғалысының көшбасшысы, публицист, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 160 жыл» тақырыбында танымдық сағат іс-шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты: 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай саяси қуғын-сүргін құрбаны болған жандардың, Алаш арыстарының есімдерін жас ұрпаққа жеткізу, осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған жандарды әрқашан есте сақтау, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беруді өскелең ұрпаққа насихаттау, дәріптеу болып табылады.
Шара барысында Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві Ресей Федерациясының Орынбор мемлекеттік архивінде жүргізілген ғылыми экспедиция барысында әкелінген Алаш қозғалысының басшылары Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов сынды тұлғаларға қатысты құнды құжаттар негізінде жасақталған «Алаштың арыстары – архив құжаттарында» атты көрме көрсетілді.