Новости

«Архивтер: еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен зерттеу, өзара ықпалдастықты кеңейту» өңірлік ғылыми-тәжірибелік семинары

22.12.2020

2019 жылдың 29 қазанында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің бас ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив-2025» жобасы аясында «Архивтер: еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен зерттеу, өзара ықпалдастықты кеңейту» тақырыбындағы өңірлік ғылыми-тәжірибелік семинар жұмысы өткізілді. Семинарға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Кәдірбаев Нұрхан Кенжебайұлы қатысып Семинар барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында мемлекеттік архивтердің рөлін насихаттау, архивтердің XXI ғасырдағы жаңғыру жолдарын талқылау, Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві мен Атырау облыстық мемлекеттік архиві қалалық филиалымен қарым-қатынасты нығайту, архив ісінде өзекті мәселелер мен шешу жолдарын талқылау, әріптестермен тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Шараға Атырау облыстық мемлекеттік архивінің Атырау қалалық және аудандық филиалдарының басшылары Ж. Алпиярова, А.Мурзагалиева мен аудандық архив қызметкерлері, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері, Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві және аудандық архивтердің басшылары мен қызметкерлері қатысып, ой бөлісті. Семинар қонақтарына атыраулық әріптестер архив құжаттарының негізінде тарихи –құжаттық көрме деректерін ұсынды. Өңірлік ғылыми-тәжірибелік семинар барысында Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві мен Атырау облыстық мелекеттік архиві қалалық филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.