Новости

«Тарихты жасаған тұлғалар» кездесу кеші

11.12.2020

2019 жылдың 6 тамызында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа есім» жеке тектік қорын ашу бойынша мемлекетіміздің тарихында қызметімен ерекше орын алған тұлғалардың жеке тектік қорын ашу, Ұлттық архив қорын қалыптастыру, толықтыру және сақтау арқылы өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Тарихты жасаған тұлғалар» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Шараға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Ақтөбе облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, Облыстық мәдениет, спорт, туризм қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы Н. Табылдинова, әлемге танымал ақтөбелік спортшылар: Г. Джафаров- бокстан әлем, Азия чемпионы, Ә.Қали -ҚР еңбек сіңген жаттықтырушы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, З. Төлеутаев- ҚР еңбегі сінген спорт қайраткері, КСРО грек –рим күресінің спорт шебері, Ақтөбе облысы бойынша қазақша күрестен тұнғыш спорт шебері, Қ. Жұбанов ат. АӨМУ-ң құрметті профессоры, К.Ізғарин -ҚР құрметті спорт қайраткері, ардагерлер арасындағы пауэрлифтингтен Азия чемпионы-, А. Құлмағамбетов- Дзюдодан және самбодан КСРО спорт шебері, Қазақ ССР қазақша күрестен шебері. Халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері, жоғары дәрежелі бапкер, Қазақстан, Қырғызстан республикаларына еңбегі сінген бапкер, Г. Кушербаева -Сиднейдегі 2000 жылы Олимпияда ойындарының қатысушысы, 2013 жылы «Лучшие люди» халықаралық энциклопедиясының даңқ галереясына енген спортшы, облыстық және аудандық архив қызметкерлері қатысты.

Мекеме басшысы М. Тулебай ақтөбелік танымал спортшылардың құжаттарына негізделген «Ақтөбе облысының спорт майталмандары» атты жеке тектік қор коллекциясының тұсаукесерін өткізді. Архив қызметкері Б. Ешмұратова кеш қонақтарын құжаттардың архивке қабылдануы, сақталу тәртібімен таныстырып, қор құрушыларға жеке қорларының тізімдемелерін салтанатты түрде табыстады. Қонақтарға жеке тектік қор құрушылардың құжаттары негізінде фотоқұжаттық көрме қойылды.