Жаңалықтар

«ТАРЫ АТАСЫ-ШЫҒАНАҚ» фото-құжаттық көрме

09.11.2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдығы және танымал тарышы- рекордсмен Ш. Берсиевтің 140-жылдығы аясында облыстық архивте «Тары атасы-Шығанақ» тақырыбында фото-құжаттық көрме жасақталды. Көрмеге Ш.Берсиевтің жеке тектік қорынан құжаттар іріктеліп, қойылды. Фото-құжаттық көрме деректерімен архив зерттеушілері Батыс Қазақстан әкімдігі мәдениет басқармасының тарих және археология орталығының директоры Ж.Н. Сафуллин, ҚР Әскери -тарихи музейінің ғылыми қызметкерлері У.Д. Умралин, А.А.Мукишов, Қ.Жұбанов өңірлік университетінің тарихшылары танысты.