Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы…

14.11.2018

2018 жылы 14 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Ақтөбе облыстық архивінің 95 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері, облыстық мемлекеттік архив және филилдары, аудандық архив басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Архив қызметінің жаңа кезеңге көшуі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинар барысында Қазақстандаағы және облыстағы архив ісінің дамуындағы жаңа кезеңнің ерекшелігі, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының архив саласында жүзеге асырылуы, құжаттарды цифрлық нұсқаға көшірудің маңызы, архив қызметінің заманауи даму жолдары талқыланды. Семинарға қатысушыларға А2-форматты планетарлық сканер құрылғысының презентациясы, Ақтөбе облыстындағы архив ісінің даму тарихын құжаттық негізде баяндаған фото – құжаттық көрме қызметкерлер назарына ұсынылды.