Жаңалықтар

«KazRENA» Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры Б.А.Джаппаровпен кездесу

20.01.2023

2023 жылдың 20 қаңтар күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері «KazRENA» Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры, Қазақстан Республикасының Президенті архивінің бұрынғы директоры Борис Аликенович Джаппаровпен кездесті.

Кездесу барысында архивтің қазіргі қызметінің маңызы мен дамуы туралы айтылды. Б.А.Джаппаров Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің кітапхана қорына Қазақстан Республикасының облыстық, қалалық және аудандық архивтерінің құжаттары бойынша дайындалған «Из истории депортации немцев в Казахстан 1941-1945гг.» құжаттар жинағын сыйға тарту етті. Сонымен қатар  Ақтөбе ферроқорытпа зауытының құрылғанына 80 жыл толуына орай жасақталған фото-құжаттық көрмемен танысты.