Жаңалықтар

«БАТЫСТЫҢ БАТЫР ҚЫЗДАРЫ» тарихи- танымдық сағат

05.05.2022

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай » Батыстың Батыр қыздары» тақырыбында тарихи- танымдық сағат өткізілді. Шараға Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің т.ғ.д., профессор Н.Абдуллаев, т.ғ.к. Ж. Ғанибаева, тарихшы- өлкетанушы С.Сүлейменов, Ә.Молдағұлова мемориалдық музейінің қызметкері А.Туралиева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Л. Нуркеева қатысып, Батыр апаларымыз Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, Х. Доспанова туралы тарихи деректер негізінде баяндамалар ұсынды. Архивтегі Ә.Молдағұлова жеке тектік құжаттарынан жасақталған көрме деректері шара қонақтарына таныстырылды. Болашақ тарихшылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.