Жаңалықтар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

21.09.2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты ҚР мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының аясында 21қыркүйекте ҚР мемлекеттік архивтері «Ашық есік күнін» жариялады. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде қала тұрғындарына, студенттерге, мектеп оқушыларына арнап «Ашық есік күні» іс- шарасын өткізілді. Шараға № 38 Қазақ орта мектебі, А.Ермеков атындағы № 23 орта мектеп лицейі,
Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп-лицейі,
Х.Досмұхамедұлы атындағы № 35 орта мектебі ұстаздары мен оқушылары қатысып, архив ісінің маңызы, құжаттарды есепке алу, сақтау, пайдалану бойынша қызықты мәліметтермен танысты. Сонымен қатар шараға қатысушылар архив құжаттарынан жасақталған көрме деректерімен, қор сақтау қоймасының жұмыс тәртібімен танысты. Оқушылар ізденіс-зерттеу жұмыстарымен айналысу туралы сұрақтарына жауап алды.