Жаңалықтар

«Архившілер күні» мерекесіне орай «Архив саласының үздігі» төс белгісін табыстау

22.12.2022

Бүгін, 2022 жылдың 22 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыс әкімі Е.Тоқжановтың Мәдениет және архив қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында «Архившілер күні» мерекесіне орай, облыс әкімі Е. Тоқжанов архив саласының қызметкерлерін  кәсіби мерекелерімен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, архив саласына еңбегі сіңген ардагер Қ.Мирманова және Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві директорының орынбасары С.Книжник, бөлім басшысы Ш.Мухтарова, Мұғалжар ауданының мемлекеттік архивінің архивист маманы Н.Джалимбетоваға архив саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбектері мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, архив ісін дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив саласының үздігі» төс белгісін табыстады.

Әріптестеріміз бен ардагерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Архив саласын дамыту бағытында атқарып отырған абыройлы еңбектеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық, баянды ғұмыр тілейміз!