Жаңалықтар

АРХИВ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАНЫ БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСУ

18.10.2021

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Бораш Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде жұмыс сапарымен болып, ұжым қызметкерлерімен кездесті. Ел тарихының құнды құжаттық тарихын сақтап отырған облыстық архив жұмысының , құжаттарды цифрландыру, сақтау, есепке алу барысымен, «Еңбекпен қамтудың жол картасы» аясында жүргізілген архив ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысқан Қ. Бораш облыстық архив жұмысын жоғары бағалады. Қызметкерлерге архив саласындағы көптеген мәселелерге қарамастан, мамандықтарына адалдығы үшін алғыс айтып, еңбектерінің маңыздылығын атап өтіп, үлкен табыстар тіледі.