Жаңалықтар

Ғылыми-зерттеу экспедициясы

01.12.2022

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген «Архив-2025» іс-шаралар кешенді жоспарын іске асыру аясында ғылыми-зерттеу экспедициясы құрылып, қазіргі таңда Ресей Федерациясының Башкұртстан Республикасы, Уфа қаласындағы Ұлттық архивінде Қазақстанның тарихына  қатысты құжаттарды зерттеу жұмыстары жүргізілу үстінде.

Іссапардың басты мақсаты: Жақын және алыс шетелдегі архивтермен ұзақ мерзімде ықпалдастықты нығайту, тәжірибе алмасу, Қазақстанның тарихына қатысты құжаттарды зерттеу, анықтау, сатып алып келу арқылы Ұлттық архив қорын ұлғайту және оларды ғылыми айналымға енгізу болып табылады.