Директордың құттықтауы

Құрметті достар!

Мұрағат – тарих айнасы. Халық пен ел тарихындағы құнды жазба деректерді жинастырып, сақтау ісіне әуелгі замандардан бері мемлекеттік деңгейде мән беріліп келеді. Қазіргі архивтерде мәңгілікке сақталатын тарихи деректер- мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайы, саяси-идеологиялық қатынастары туралы құжаттар ұлттық байлықтың бір бөлігі ретінде қорғалады.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві туған өлкеміз- Ақтөбе облысы тарихының елеулі кезеңдеріне, тарихы мен мәдениетінің деректі ескерткіштеріне, сондай-ақ, белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты құжаттарды жинақтап отыр.

Архив қызметкерлері сан – алуан ақпараттық байлықпен жұмыс істейтін, қоғам мүддесі үшін тарихи мұраға қолжетімді болу үшін жағдай жасауда тарихи жадының сақтаушылары.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында мұрағатшылар алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер нақты айтылды. Архив ісі түбегейлі өзгеруі тиіс. «Мәңгілік ел» бағдарламасын іске асыру барысында, Елбасы көтерген ұлттық сананы қалыптастыруда архив саласының атқаратын ролі зор. Өйткені, бүгінгі күні архивтер халық жадының сақтаушысы, тарихи сананы қалыптастырудың, патриоттық, рухани тәрбие берудің маңызды бір құралы. Оларға ұлтымыздың кешегісі мен бүгінін құрайтын құнды құжаттарды болашақ ұрпаққа аманат ету міндеті тапсырылған.

Қымбатты достар! Осы парақша арқылы өздеріңізге қызықты әрі қажетті ақпарат алуға, сондай-ақ архивтің күнделікті тыныс – тіршілігімен танысуға шақырамын.

Облыстық архив халыққа қолжетімді және тарихқа, шежіреге қызығушылар үшін әрдайым ашық.

Құрметпен, «Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ-ң директоры М.Тулебай.


Жаңалықтар

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түсетін адвокаттық сұранымдарды қарау тәртібі» туралы семинар

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Алматы қаласы Мәдениет басқармасы ұйымдастыруымен 2024 жылғы 8 ақпан күні Алматы қаласының мемлекеттік архивінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен мемлекеттік қызметтерді алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түсетін адвокаттық сұранымдарды қарау тәртібі» туралы мемлекеттік архивтер көрсететін мемлекеттік қызметтерге жүргізілген мониторинг […]

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің 50 жылдығы

2024 жылғы 7 ақпан күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің құрылғанына 50 жыл толуына арналған «Ғылыми-техникалық құжаттама – ғылыми прогрестің негізі» атты дөңгелек үстел форматындағы халықаралық кездесу іс-шарасы өтті. Аталмыш іс-шараға архив саласының ардагерлері, тарихшылар, ЖОО оқытушылары, магистранттар мен студенттер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, барлық өңірдің архив мекемелерінің мамандары қатысып, архив ісі […]

Архив ісі саласында мемлекеттік қызметті алу жолдары

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар  «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді. Сондай-ақ қызметті алушы тұлғалар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе қызметті берушінің кеңсесіне өтініш бере  алады.